2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
13 тамызда елордадағы «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, республикалық «Жомарт Жан» орталығының басшысы Евгений Больгерт, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғамдық белсенділер қатысты.
Алаң Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және ұйымның 30 жылдығына орай 2025 жылғы 1 мамырда өткен «Бірлік жүгірісі» қайырымдылық марафоны кезінде жиналған қаражатқа салынды. Жоба ҚХА-ның «Жеңіс – бірлікте» спорттық платформасы аясында жүзеге асырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жалпыұлттық қозғалыстың маңызды бөлігіне айналды.
Астанадағы бұл алғашқы спорт алаңының ашылуы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын ізгі дәстүрдің бастауына айналып отыр. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл бастама қоғамдағы бірлік пен өзара қолдаудың нақты үлгісі болып, ел азаматтарын қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікке жұмылдырады.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...