2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1 000 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Отандасымыз 1/8 финалда әлемнің 6-ракеткасы америкалық Мэдисон Кизден басым түсті. Енді жерлесіміз жартылай финалға шығу үшін азулы қарсыласы, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Қос теннисші бұған дейін өзара 11 матч өткізген. Оның жетеуінде Беларусь өкілі жеңіске жеткен. Кездесу әдеттегідей тартысты болары сөзсіз.
Енді 1/8 финалға қысқаша шолу жасасақ. Бірінші сетте фаворитті анықтау қиын болды. Екі спортшы да допты ойынға қосу мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды. Яғни, әркім өз гейміне иелік етті. Есеп 6:6 болған соң, мачт әдеттегідей тең ауарға жалғасты. АҚШ өкілі 7:3 етіп басымдыққа ие болды. Ойынның екінші кезеңінде Елена есе қайтарып, есепті теңестірді. Шешуші сетте қазақстандық спортшы камбэк жасап, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қарсыластар осыған дейін бес рет кездескен. Америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді. Енді өзара матчтың есебі теңесті.
Асылбек Данияр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...