2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған үміткер қаралды. Онда еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасы жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде оған комиссия мүшелері келісім берді.
Қазіргі кезде Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметін атқарады.
Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.
Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы дүниеге келген. 2012 жылы Лондон Олимпиадасын мен 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал, 2017 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...