Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда-саттық айналымы 258 млн долларға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Оның басым бөлігі – импорт. Ал экспорттың әлеуетін арттыру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатыр.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Бұл – Петропавлдағы экспорттық әлеуеті жоғары зауыттардың бірі. Кәсіпорында тұрмыстық химия, пластик бұйымдары мен азық-түлік өнімдері шығарылады. Былтыр кәсіпорыннан 700 млн теңгенің тауары экспортталды. Оның басым бөлігі Ресейге сатылды.
Виктор Молодовский, кәсіпорынның басқарма бастығы:
- Біз Ресей Федерациясымен тығыз байланыс орнаттық. Сонымен қатар қазір Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерімен де келіссөздер жүріп жатыр. Еурзаиялық экономикалық одақ – үлкен нарық. Сондықтан бұл кеңістікті толық қамтып, бәсекеге қабілетті өнім шығарып жатырмыз.
Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін нығайту үшін Қазақстанда экспорттаушыларды қолдау және өнімді шетелде ілгерлету шаралары қабылданды. Президент тапсырмасы бойынша жыл басынан бері бизнесті қолдауға 400 млрд теңге бөлінді.
Марал Нұржауыпова, Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:
- Экспорттың басым бөлігін ауыл шаруашылығы техникалары, жабдықтары мен қосалқы бөлшектері құрайды. Нақтырақ айтсақ, 38,7%-ке тең. Сонымен қатар пластмасса және тоқыма өнімдері көп шығарылады.
Президент былтырғы Жолдауында экспортты дамытып, отандық тауар өндірушілерді қолдау керектігін тапсырған болатын. Бұл ретте Үкімет бизнесті жүргізудің ашық қағидаларын әзірлеп, сыртқы нарыққа шығуға халықаралық инфрақұрылым қалыптастырды.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Жасанды ...