Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынды, ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн уақыт берді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Президент Қазақстан халқына жолдауында елімізге инвестициялық қаражат қайда, не үшін және қандай көлемде талап етілетінін нақты айқындау қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы инвестицияларға тапсырыс өндірістік сектордың қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастырылуға тиіс екенін мәлімдеді. Президенттің пікірінше, елде инвесторлармен өзара іс-қимылдың бытыраңқы жүйесі қалыптасқан.
"Бұл сөзсіз бюрократияға, функциялар қайталануына әкеп соғады. Нәтижесінде жұмыс дұрыс жүрмейді. Қазіргі қиын жағдайда инвестиция тарту — жаңа тәсілдерді талап ететін бірінші кезектегі міндет. Кез келген жағдайда инвестицияларды тарту жөніндегі барлық ұйымдастыру жұмысы толығымен премьер-министрге жүктелетінін атап өткім келеді. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ, алайда мемлекеттік органдардың бірде-бірінің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Бұл мәселемен 3-4 мекеме айналысады. Сондықтан премьер-министрге нақты ұсыныстар әзірлеуге 10 күн беремін", — деді Мемлекет басшысы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынды, ...
Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ...
Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылды . 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанғ ...