Төтенше жағдайлар жүйесіндегі реформалар. Ерболат Садырбаев
Спикер — Ерболат Садырбаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі. ...
Астана әкімдігі өкілдері орталықта шыққан өрттің салдары туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Әкімдік, ТЖД және қалалық полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды. ТЖД және полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", — деді әкімдік өкілдері.
Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шеккен.
"Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ, барлық бағытта көмек көрсетіледі. Алдағы тәулікте бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталады", — деді әкімдік өкілдері.
Суреттер: Астана әкімдігі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Спикер — Ерболат Садырбаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі. ...
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...