Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Кездесуге Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысы Серхио Мухика мен Орталық Азия елдерінің ұлттық стандарттау органдарының өкілдері қатысты.
Жиында ұлттық стандарттау жүйелерін нығайту, оларды халықаралық талаптармен үйлестіру, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы инновациялық стандарттарды енгізу мәселелері талқыланды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ISO ұйымымен ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын атап өтті. Кездесу соңында стандарттау саласындағы мамандардың еңбектері еленіп, оларды марапаттау рәсімі өтті.
Серхио Мухика, Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысы:
- Қазақстан халықаралық стандарттау қызметінде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бүгінгі маңызды кездесуде салалық мәселелерге тоқталдық. Тәжірибе алмастық. Жалпы Астана сияқты көздің жауын алатын әдемі қалаға келгеніме қуаныштымын. Құшақ жая қарсы алып жатыр. Өзімді үйде жүргендей сезіндім. Мемлекет басшысымен, премьер-министрмен, тағы сауда және интеграция министрімен кездесу мен үшін үлкен абырой.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...