Сеулде Қазақстан туралы көрме өтті
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет галереясында Мәдениет саласының үздігі, мүсінші, карикатурашы, Қали Қораласбаевтың «Киелі мекен » атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл көрме Шу ауданының 95 жылдығына және автордың 60 жас мерейтойына да арналып отыр. Көрменің ашылуында облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай сөз сөйлеп, Қали Ерғазыұлының ерекше таланты мен ізденісіне кеңінен тоқталды.
Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков суретшінің жұмыстары қоғамға терең ой салатынын айтып өтсе, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Муратджон Рахимжанов әріптесінің толайым табысы мен кейінгі жылдардағы жетістіктері туралы ой қозғады. Көрме бейнелеу өнер туындыларын кеңінен насихаттау, шығармашыл өнер адамдары арасында тәжірибе алмасу және қылқалам арқылы мәдени, рухани байланыстарды нығайту мақсаттарына негізделді.
Көрмеде суретшінің майлы бояумен, карикатуралық бейнелер және тарихи мүсіндердегі өзіндік дүниетанымы мол баға жетпес туындылары қойылды.
Іс-шарада суретшінің шығармашылық «QALI» атты каталогының лентасы салтанатты түрде кесілді. Көрме 31-қазанға дейін жалғаспақ.
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағ ...
Астанада ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды . Үш күнге созылатын шарада әлемнің 25 елінен 300-ден аса компания ...