Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Астанадағы жаңа стадион құрылысына қайтарылған активтер есебінен 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл жайлы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады .
Тозығы жеткен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның орнына жаңа спорт нысаны салынады. Құрылыс биыл жыл соңына дейін аяқталады деген жоспар бар. Жаңа кешен 3598 орынға есептелген. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орын да қарастырылған. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сәйкестендіріледі.
Айта кетейік, бұған дейін ел бойынша қайтарылған активтердің арнаулы қорынан әлеуметтік маңызы бар 16 нысанға 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Еркебұлан Жомарт, №8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы:
- Заман талабына, стандарттарға сай өте жоғарғы деңгейде салынып жатыр. Сондықтан стадион біздің мектептің балансына беріледі. Біз өте қуаныштымыз. Асыға күтіп отырмыз. Балалардың жаттығуы жақсы жағдайда жасалған. Бұл балалар үшін қуаныш. Олар стадионның ашылуын күтіп жүр.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...