Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар лауазымды адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының, сондай-ақ, кейбір қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоғары аудиторлық палата биыл қазанда Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қаншалық тиімді пайдаланылып жатқанын тексерді. Нәтижесінде заңнама, бюджет нормалары және ішкі регламенттеуші құжаттарды орындауда заңбұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты өңір әкіміне, сондай-ақ, Петропавл және Сергеевка қалаларының, Айыртау, Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарының басшылығына заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту тапсырылған.
Осылайша мына қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!