Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңесте осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының пікірінше, саланы дамытуда негізгі екі проблема бар. Бұл — бағаның жоғары болуы және ішкі өндіріс көлемінің жеткіліксіздігі.
— Ең әуелі, алдағы үш жылда еліміздің ішкі өндіріс көлемін арттыру, импортты әртараптандыру керек. Ақылға қонымды бәсекелестік сақталуға тиіс. Реттеу ісіндегі барлық өзгеріс кезең-кезеңімен әрі нақты, отынды тұрақты жеткізуге кедергі келтірмей іске асырылуы қажет. Жұмыс істеп тұрған ұйымдар базасында авиация ғылыми-зерттеу институтын құрған және отынды сертификаттау зертханасын ашқан жөн. Үкіметке монополияға қарсы органдармен бірге аталған мәселелерді шешу бойынша тез арада кешенді шара қабылдауды тапсырамын, — деді Мемлекет басшысы.
Осыған дейін Президент авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...