Қытайда роботтарға арналған арнайы оқу орталығы жұмысын бастады. Иә, адамға ұқсас құлтемірлер де білім алады. Бұл орталықта роботтарды өндіріс орындарына, медицинаға, ауыл шаруашылығына, қызмет көрсету салаларына бейімдеп үйретеді.
Инструкторлар оларды қоқыс жинау, жүк көтеру, көлік құрастыру, электронды құрылғылар жасау сияқты нақты тапсырмалар арқылы машықтандырады. Тіпті 20-дан астам түрлі қызмет көрсетуге үйретілмек. Мамандардың айтуынша, оқу орнын бітірген роботтар тапсырмалардың 95 пайызын дәлдікпен орындай алады. Мұндай мүмкіндік роботтарды түрлі кәсіпорындарда адаммен қатар жұмыс істейтін деңгейге жақындатып отыр.