Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған репетиторлық сабақтар да, ересектерге арналған кәсіби курстар да айтарлықтай қымбаттап келеді. Соңғы 10 жылда балаларға арналған қосымша білім беру құны екі есеге өсті, ал танымал IT-дағдылар елеулі қаржылық салымды талап етеді. Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізіп, қазақстандықтардың білімге қанша қаржы жұмсайтынын және отбасылық бюджетке салмақ түсірмей білімге қалай инвестиция жасауға болатынын анықтады.
Қазақстанда ересектерге арналған кәсіби курстар нарығы қарқынды дамып келеді. Ірі қалаларда оқу өңірлерге қарағанда әлдеқайда қымбат. Алматы мен Астанада курстардың бір академиялық сағатының орташа құны бірнеше мың теңгемен өлшенеді, ал облыстарда бағалар сәл төмен. Баға бағытқа да байланысты: ең қымбат курстар — IT, digital және PR салалары. Бағдарламалау, аналитика немесе SMM бойынша оқу жоғары сұранысқа байланысты қымбатырақ тұрады. Орта есеппен айына 8–12 сабақ өтеді, ал бір курс қаласына және бағытына байланысты 25 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін тұруы мүмкін.
2025 жылғы мамандандырылған курстардың орташа құны
Деректер: ашық көздерден /Орындалды: Freedom Life ӨСК.
Қазақстандағы орташа жалақы 2025 жылы шамамен 429 000 теңгені құрайды. Ал медианалық жалақы (жұмысшылардың жартысында бұдан төмен) — шамамен 290 000 теңге. Айына 30 000–50 000 теңге тұратын курстар қазақстандықтың табысының шамамен 10–15%-ын құрайды, әсіресе екі немесе одан да көп бағытта оқыған жағдайда.
Оқушыларға арналған қосымша білімнің құны қалай өзгерді
Оқушыларға арналған репетиторлық сабақтар мен дайындық курстары да қымбаттады. Орта есеппен, 2025 жылы репетитормен бір сабақтың құны он жыл бұрынғыға қарағанда 1,5–2 есе жоғары. Бұған негізгі себептер — инфляция, жоғары сұраныс және кейбір өңірлерде білікті педагогтардың тапшылығы.
Қазақстандағы бір сағаттық сабақтың орташа құны
Деректер: ашық көздерден /Орындалды: Freedom Life ӨСК.
Емтихандарға дайындық, қосымша сабақтар мен курстар тұрақты қаржылық шығындарды талап етеді. Алайда отбасылық бюджетке ең үлкен салмақ түсіретін шығын — бұл жоғары және орта арнаулы білімнің ақысын төлеу.
Оқу миллиондап тұрғанда: білімге қалай жинауға болады
2025–2026 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының орташа жылдық мөлшері шамамен 600 000–800 000 теңгені құрайды. Бұл сома оқу орнына байланысты едәуір өзгеріп отырады. Кейбір жағдайларда бір жылдық оқу ақысы 8,7 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Мамандандыру бағыттары бойынша да айырмашылық бар: ең қымбат бағыттар — медициналық және халықаралық мамандықтар, ал ең қолжетімділері — педагогикалық, мейірбике ісі, гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары.
Осындай шығындарға отбасыларды алдын ала дайындау мақсатында 2025 жылы «Келешек» мемлекеттік жобасы іске қосылды. Осы жоба аясында Қазақстанның өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) балалардың оқуына алдын ала қаражат жинауға мүмкіндік беретін арнайы жинақтаушы өмір сақтандыру бағдарламаларын ұсынды.
Осы бағдарламалардың бірі — Freedom Keleshek. Оның шарттарына сәйкес, мемлекет ата-ананың өз жинақтарына қосымша ретінде 60 АЕК мөлшерінде бастапқы капитал аударады (2025 жылы бұл сома 235 920 теңгені құрады). Сонымен қатар, жыл сайын мемлекеттен 5% сыйлықақы және сақтандыру компаниясынан 8% табыс есептеледі. ӨСК-мен жасалған шарттың әрекет ету кезеңінде жинақтар қорғалған: бағдарлама ата-ананың өмірін сақтандыру ретінде рәсімделеді және ата-ана қайтыс болған немесе мүгедектік белгіленген жағдайда төлем қарастырылады.
Осылайша, бағдарлама жинақтау мәдениетін қалыптастырады және баланың колледжге немесе жоғары оқу орнына түсу кезеңінде күтпеген қаржылық ауыртпалықтарды болдырмауға көмектеседі.