• 29-04-2026

Дубайды топан су басты


Біріккен Араб Әмірліктерінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Дубай қаласын cу басты.

Биліктің мәліметінше, кейінгі 70 жылда мұндай нөсер жауын жаумаған. Тұрғын үйлер, сауда орталықтары мен қонақ үйлер су астында қалды. 200-ден астам әуе рейсі тоқтатылды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері уақытша қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Сондай-ақ жағажайлар, саябақтар мен кейбір туристік нысандар жабылды. Апат салдарын жою жұмыстарына шамамен 300 арнайы техника жұмылдырылған.