• 29-04-2026

ЕАЭО әлемдегі ірі көлік торабы бола алады


«Еуразиялық экономикалық одақ әлемдегі маңызды көлік-логистика торабы бола алады.

Бірлестік құрамындағы мемлекеттердің аумағы арқылы Батыс Қытай – Батыс Еуропа, Солтүстік – Оңтүстік, Транскаспий халықаралық көлік бағдары секілді негізгі дәліздер өтеді. Серіктестерімізді сауда-саттықты жандандырып, жүк тасымалы шығынын азайту үшін ұйымға мүше өзге мемлекеттерді де осы іске атсалысуға шақырамыз», – деді Президент. Еуразия даму банкі сарапшыларының есебіне сәйкес, одаққа мүше елдердің өнеркәсіп тауарларын шығару және экспорттау мүмкіндігі 67 млрд долларға бағаланады. «Осы әлеуетімізді толық пайдалансақ, түпкі нәтижесі 500 млрд долларға жетуі ықтимал», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.