• 29-04-2026

Алматыда банктің мобильді қосымшасы арқылы жолақысын төлеуге болады


Бұл туралы "Алматы қаласы Көлік холдингі" хабарлады.


Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көлік жолақысын банктің мобильді қосымшасы арқылы төлеу қызметі қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алматының қоғамдық көлігінде жолаушылар енді Kaspi мобильді қосымшасы арқылы автобустағы ONAY QR-ды сканерлеу немесе көлік кодын енгізу арқылы жолақысын төлей алады", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар жолаушылар үшін ONAY! көлік карталары, мобильді қосымша және басқа да бұрыннан қолданылған төлем әдістер қолжетімді.