
2024 жылы Қазақстанда 29 микроқаржы ұйымы жабылды. Алайда олар берген шағын несие жойылмайды, кредит алғандар қарыздарын толық өтеуге тиіс. Қарызды қалай жапқан дұрыс? Оны NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Қазақстандықтар кредит немесе шағын несие алған кезде оны пайызбен қайтаратынын есте ұстаған жөн. Қарыз алушылар қаржылық қиын жағдайда болса да кредитін төлеуге міндетті.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие берген микроқаржы ұйымы банкротқа ұшыраса немесе таратылса да қарыздар жойылмайтынын еске салады.
"Микроқаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу берешекті жоймайды – микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз құқық (талап) берілген ұйымда немесе жаңа кредиторда қалады", — деп атап өтті агенттік өкілдері.
Яғни, қарыз алушы кез келген жағдайда шағын несиені қайтаруға тиіс. Бұл жағдайда қарыз алушы келісімшартта көрсетілген шот бойынша төлеуі керек. Ал егер қарыз басқа қаржы институтына немесе инкассаторларға аударылып, мәліметтер өзгерсе, бұл туралы қарыз алушыға хабарлау керек.
Агенттік сондай-ақ тек 2024 жылы Қазақстанда 17 микроқаржы ұйымы өз еркімен лицензиясынан бас тартқанын, 12-сі мәжбүрлі түрде жабылғанын хабарлады. Олар көбінесе заңды жүйелі түрде бұзғаны үшін, сондай-ақ пруденциалдық және басқа да нормаларды сақтамағаны үшін жабылды. Дегенмен, олардан микрокредит алғандар қарыздарын толық өтеуі керек.
Бұл ретте азаматтар несие алуға жауапкершілікпен қарауы керек. Қарызға ақша алмас бұрын, компанияның заңды түрде жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз, микроқаржы ұйымын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында тексеруге болады.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Осе жерден тоқтатамын": Қазақстанның тағы бір танымал спортшысы ажырасып кеткенін мәлімдеді
13.03 -
-
-
-