Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Шымкентте үлескерлердің қаржысын заңсыз жинаған 21 компания жауапқа тартылды.
Бұл компаниялар көппәтерлі тұрғын үй құрылысы басталмай жатып, заңсыз жарнама жүргізіп, тұрғындарды тұрғын үй операторы мен әкімдіктің кепілдігінсіз салым салуға шақырған. «Сонымен қатар, құрылыс барысында тұтынушыларға толыққанды ақпарат берілмеген», дейді тексерушілер. Тексеру нәтижелері әкімшілік сотқа жолданып, 25 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұдан бөлек заңсыз салынған 115 нысан анықталды. Тиісті талаптарды сақтамағандарға 64 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сондай-ақ құрылыс сапасына қатысты анықталған кемшіліктер бойынша 36 әкімшілік хаттама толтырылды.
Мерлан Керімжанов, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:
- Мердігер тарапынан бітіре алмай қалған жағдайда әкімшілік өзі бітіріп береді немесе Отбасы банк бітіріп береді деген кепілдік болуы керек. Сол кезде ғана құрылыс салуға рұқсат беріледі. Міндетті түрде нұсқама бердік. Біздің нұсқауымыз ең бірінші мерзімі 1 ай көлемінде болады.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...