• 14-03-2025

Университет ТОП-200 қатарына енді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім бағдарлама­лары «QS World University Rankings» әлемдік білім беру пәні рейтингінің үздік ТОП 200 қатарына енді.

Үздік пәндер қатарында: «Қонақ­жайлылық және демалысты басқару» – 101-150, «Археология» – үздік 101-150, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» – 101-150, «Лингвистика» – 101-150, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» – 153, «Тарих» – 201-250 тобынан көрінді.

Сондай-ақ әлемдегі үздік үш жүз­дікте «Инженерия және технология­лар» пәндері – 292, «Саясат және халықаралық зерттеулер» – 250-300 орын алды.Үздік 500-ге «Әлеуметтану» – 301-350, «Білім» – 301-350, «Бизнес және менеджмент» – 501-550 білім бағдарламалары кірді.

Биыл 5203 жоғары оқу орындарына талдау жасалып, оның 1 747-сі жарияланды. Еуразия ұлттық университеті ұсынылған пәндер жалпы санында оң динамика көрсетіп отыр. Бұл биыл 21-ге дейін өсті. Салыстыру үшін айталық, үш жыл бұрын олардың тек 11 пәні болған, яғни көрсеткіш екі есеге өскен. Биыл аталған жоғары оқу орны 17 және 4 пәндік бағыт бо­йынша ұсынылды. Жалпы рейтинг көрсеткіштері академиялық бедел, жұмыс берушінің беделі, дәйексөздер, Һ-индексі, халықаралық зерттеу желісі бойынша бағаланады.

Биыл алғаш рет Еуразия ұлт­тық университеті «Жаратылыстану ғылымдары» пәндік бағытына еніп, 455-орынға ие болды. Университет сонымен қатар «Математика» бо­йынша 501-600 үздік қатарына енді.Нәтижелер 145-орынға көтерілген «Археология», 301-350-ге кірген «Білім» және 35 орынға көтерілген «Инженерия және технологиялар» бойынша 292-орынға көрсеткіштер жақсарды.

Ең үздік пәндер 100-ден сәйкесінше 72,0 және 68,8 балл жинаған «Қазіргі тілдер» мен «Лингвистика» болды.