Футболдан әлем чемпионатының іріктеу туры. Live
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Маңғыстауда итбалықтар елді мекендерге келіп жатыр.
Су жануары Қаражанбас пен Бозащы аумағына дейін жеткен. Бұл ара теңізден 5 шақырым қашықта жатыр. «Қаражанбас» мұнай айдау станциясының қызметкерлері итбалық күшігін теңізге жеткізген. Экологтардың айтуынша, теңіз жануары қарлы боранда адасып кетуі мүмкін. Табиғат жанашырлары азаматтардан далада итбалықты кезіктірген жағдайда дереу уәкілетті органдарға хабар беруді сұрайды. Ақпан айының соңында өңірде күн күрт суытып, қалың қар жауды. Әдетте бұл аймақтың қысы жылы, қар көп түспейтін.
Әділбек Қозыбақов, Аймақтық экологиялық кеңес мүшесі:
- Каспий теңізінде қатты суықтан мұз қатып, мұздың бетіндегі қар және құрлықтағы қар екеуі итбалықтар үшін ажырату қиын болғандықтан шығып кетіп жүр деген ойда болған едік. Олардың саны бірен-саран болғаннан кейін. Бірақ соңғы кезде 20 шақты итбалық бір жерге шоғырланған деген хабарлама жетті. Бұл жерде теңізден қашу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұл туралы әртүрлі зерттеулер немесе мониторинг жүргізілуі керек еді. Ол теңіздің суы ластануынан болуы мүмкін.
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл. Осыған орай Ақмола об ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...