Су тасқынына қарсы дайындық: 37 мың адам, 13 мың техника жұмылдырылмақ
Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Осы аптада Үкімет жиынында жеріміздің 70 пайызға жуығын қар ба ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Осы аптада Үкімет жиынында жеріміздің 70 пайызға жуығын қар басып жатыр деген мәлімет берілді. Су тасымай ма, су баспай ма?- деп алаңдаймыз. Мысалы, Абай облысындағы Үржар ауданында бір күнде біржылдық қар түскенін естідік.
Қазымбет ауылынында тұратын Тілеубек ақсақал үй мен қора-қопсының арасына ғана жол салып алған. Қалың қарды күрегенмен шығаратын жер де жоқ.
150 түтіні бар ауылда үйлердің төбесі ғана көрінеді. Малды түгел қорада жайлап отыр.
Қостанайда Тобыл өзені жағасындағы Колёсные Ряды ауданы тұрғындары су басу қаупі бар аймақта тұрып жатыр. Бұл аумақ былтыр су астында қалған еді. Содан кейін әкімдік оларды көшіру жұмыстарын бастаған. Бірақ аяқтар емес. Азамат Тілеумурзин ата-анасының қолында тұрады, келіншегі екеуінің екі баласы бар. Тұрмысқа ыңғайлы, бақшасы жайқалған үйін 3 жыл бұрын сатып алған. Алайда былтыр үйі суға кетті. Мемлекет көрсеткен қаржыға қалыпқа келтіргенімен, бұл жерде қала беру қауіпті. Көшейін десе қолына қанша ақша түсетінін білмейді.
Аптаның соңында кей жерде мысалы, Қостанайда жер үйлерге қарғын су кіргені, ал Ақтөбе облысында Ойыл өзенінде салынған өткелді қар суы шайып кеткені туралы ақпарат шықты.
Премьер-министр О.Бектенов су тасқынына қарсы құрылған республикалық штабтың отырысында қатқыл дауыспен қатаң тапсырма берген. Елдімекендерді су баспауы үшін тас-түйін отыру керек, су жіберетін қондырғылар, көпірлер мұз бен қоқыстан тазартылып, еріген қар еркін өтуі қажет, өзендердің жағасы тазартылып, бекітілуі тиіс. Су басу қаупі жоғары мекендерде техника, адамдарды эвакуациялайтын орындар дайын болуы қажет, деді Үкімет басшысы, ертең айтпады демеңдер дегендей.
Төтенше жағдайлар министрі су тасқынымен күреске 37 мың адам, 13 мың техника дайындап қойғандарын айтты. Қауіп жоғары аймақтар: ШҚО, Қарағанды, СҚО, Қостанай Ақтөбе, Абай, Ұлытау облыстары. Қауіп орташа аймақтар: Алматы, Жетісу, БҚО, Атырау облыстары.
Сөз жоқ былтырғыдай болмағанын жан-тәнімізбен қалаймыз. Дайындалып отыр деп сенеміз. Алайда бәрін уақытында көреміз.