
Бұл Назарбаев Университетінің түлегі , Гарвард университетінің грант иегері Әсел Амангелдінің пікірі. Арыс қаласының тумасы Әсел бүгінде мұхит асып, білім алуына ата-анасының ықпалы көп болғанын айтады. Мамандығы есепші анасы есеп шығаруды үйретіп, бірге кітап оқыса, әкесі үнемі қолдау көрсеткен екен. «Әйтпесе, қарапайым отбасыдан шыққан маған АҚШ-та оқу қайда?» дейді білімді бойжеткен.
«Гарвард университетінде оқып жүргенде «Баланың білімі 93% ата-анасына байланысты» деген статистиканы естіп таң қалдым. Мектеп те, орта да емес, ата-анасы! Сол себепті балаңызға сеніңіз, біліміне мән беріңіз дегім келеді. Әрине, әлемнің есігі бір күнде ашылмайды. Әуелі тіл үйреніп, оқу керек. Әкем «білімді адамдардың заманы келе жатыр» деп айтатын. Қазір бәрі мүмкін», — дейді Әсел.
Сегізінші сыныпқа дейін Арыста оқыған Әсел кейін Назарбаев зияткерлік мектебінде, сосын Назарбаев Университетінде білімін жалғастырған. «Алдымен өзімізде сапалы білім ал, сосын шетелде оқисың» деген анасының ақылына құлақ асыпты. Әсел осы оқу орнында жүріп білім сапасы ешбір шетелден кем еместігіне көзі жеткен. 2-курста жүргенде «Lingvo.edu» мектебінің негізін қалаған ол қазір білім саласына өзгерістер енгізгісі келетінін айтады.
«Қазақстанда 2020 жылы өмірге сәби көп келді. Олар 2026 жылы мектепке барады. Бірақ бізде мектеп жетіспейді, 30 оқушыға бір мұғалім қалай сабақ түсіндіреді? Жағдайы жеткендер қосымша сабақ оқиды, ал ақшасы жоқ болса ше? Бұған мұғалім де, бала да кінәлі емес. Мен әр баланың қатарынан қалмай білім алғанын қалаймын. Елге оралып, қол ұшын созғым келеді. Әйтпесе, АҚШ-та қалып жұмыс істеуіме болар еді. Бірақ мақсатым басқа», — дейді шетелде білімін шыңдап жүрген Әсел.
TOP
-
-
«Сүйінші Торғай жұрты»: Ерқанат Көпжасар Ұлттық Құрылтайдан ақжолтай жаңалық жеткізді (ВИДЕО)
14.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаев "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылмақ
14.03 -
-