
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынымдары негізінде Әділет министрлігі таяуда лицензияларды қайта рәсімдеу мерзімін 3 жұмыс күнінен 20 минутқа дейін қысқартып, толығымен автоматтандыру үдерісін жүзеге асырды.
Бұрын адвокаттар, нотариустар, сот сарапшылары мен жеке сот орындаушылары бұл қызметті алу үшін бірнеше күн күтуге мәжбүр болса, енді өтініш автоматты түрде өңделіп, дайын құжат қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Агенттіктің ұсынымдары аясында бұл үдерістер толық автоматтандырылып, ақпараттық жүйелер интеграцияланды. Соның нәтижесінде қағазбастылық жойылып, бұрын талап етілетін қосымша құжаттарды ұсыну қажеттілігі алынып тасталды. Аты-жөнін өзгерткен тұлғалар туралы мәліметтер автоматты түрде тексеріліп, нәтиже қызметкерлердің араласуынсыз беріледі. Осылайша, лицензияларды қайта рәсімдеу уақыты 98,6%-ға қысқарып, қызмет көрсету үдерісі айтарлықтай жеңілдетілді.
Қызмет алу үдерісіндегі бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге бағытталған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып отыр. Жоспарда 492 шара қарастырылып, оның ішінде 141 қызметті толық электрондық форматқа көшіру, ал 82 қызметті автоматтандыру көзделген.
TOP
-
-
-
-
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты
18.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-