Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қосылған құн салығы 16 пайыз болса, ол орта бизнес секторының дамуына алып келеді. Сарапшы Айбар Олжайдың пайымы – осы. Қазір жаңа Салық Кодексі Мәжілісте қаралып жатыр. Оған сай қосылған құн салығына 10 және 16 пайыздық шкалалар енгізілмек. Ал агроөндірістік кешен қосылған құн салығынан босатылады. Үкіметтің мұндағы басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласына шетелдік инвесторларды көптеп тарту. Сондай-ақ отандық азық-түлік бағасының тұрақты болуына септігін тигізеді деген үміт бар. Бүгінде еліміздегі барлық бизнестің тек 4 пайызы ғана ҚҚС төлейді. Енді жаңа норма қолдау тапса, бизнестің кемінде тең жартысы салық төлеуге міндеттеледі. Бұл орта бизнес секторының дамуына алып келеді дейді қаржы мамандары.
Айбар Олжай, сарапшы:
Бұған дейін болған салық режимінде кішкентай бизнестен орта бизнеске көшсеңіз, сіздің салығыңыз өсетін. Сондықтан кішкентай бизнестің өсу стимулы болмайтын. Мысалы қожайыны бір бизнес дейтін, бірақ олар 1 ірі орта бизнес ұстағанша, 10 кіші бизнес ұстағанды жөн көретін. Өйткені салық бойынша кемінде 7-8% үнемдейтін. Енді бизнеске қандай көлемде болса да, салықтың бәрі бірдей болатындықтан, әрине орта кәсіпорындар көбейеді. Ал экономика дамуының негізгі тірегі – орта кәсіпорындар.
Ақниет Балтанова
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Жасанды ...