• 19-03-2025

Еліміздің ірі су қоймаларындағы бүгінгі жағдай қалай

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және оны қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатқанын хабарлады.

Бүгінге жағдай мынадай:

  • Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,95 текше метр, Сілеті су қоймасынан 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 30 текше метр су жіберіліп жатыр.
  • Ақтөбе облысындағы Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларынан секундына 0,5 текше метрден су жіберіліп жатыр. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 29 пайызға толы.
  • Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 584 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су;
  • Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 652 текше метр су;
  • Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,6 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,1 текше метрден;
  • Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 20 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 19,4 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,8 текше метр су;
  • Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларынан секундына 10 текше метр;
  • Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 18,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан 14,52 текше метр су жіберіліп жатыр.