Алматыда реформалардың даму бағыттары талқыланды
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Сарапшылар қысқа мерзім ішінде елдің саяси құры ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Қазақстанның басқару формасы өзгерді. Парламенттің құзіреті кеңейіп, сайлау жүйесіне жаңашылдықтар енді. Мәжіліс отырысына қатысқан депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси һәм әлеуметтік-экономикалық реформаларының нәтижесі туралы осылай деді. Әріптесім Нұрсұлтан Тілектес жалғастырады.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның сөзінше, халықтың Парламентке деген сенімі артқан. Өйткені бұл жолғы депутаттық құрам жаңа әдіспен сайланған, олардың ішінде халық арасынан шыққандар көп. Одан қалды жоғарғы және төменгі палаталардың отырыстары мен көтеріп жүрген мәселелері, БАҚ көздерінде және әлеуметтік желілер арқылы ашық жарияланып жүр.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Ешбір депутат қазір журналистен қашпайды. Жауап береді, бәрі арналарға барады уақыты болса. Осында ұстап алып, сөйлесетін де мүмкіндігіңіз бар. Кезінде баспалдақпен қашатын видеолар жақсы талқыланатын еді ғой. Бізге келген министрлер журналистен қашпайды. Бұл да – Мәжілістің жаңа дәстүрі.
Қазақстанның басқару формасы өзгерді. Конституцияға түзетулер енгізіліп, президенттік өкілеттілік шектелді. Керісінше Парламенттің құзіреті кеңейді. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осындай пікірде.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Дәл осыны сіз төрт жыл бұрын айтатын болсаңыз кез келген саясаттанушы, халықаралық сарапшылардың өздері айтар Орталық Азия елдерінде бұл мүмкін емес деп. Міне осындай реформалардың нәтижесін көріп отырмыз.
Мәжілісмендердің айтуынша, соңғы үш-төрт жылда маңызды реформалар қабылданды. Ауылдық жерлер мен аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті халықтың сайлауы, президенттің туыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынуы, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының іске қосылуын атады. Ең бастысы халықтың саяси мәдениеті, қоғамдағы саяси плюрализм қалыптасып келеді деді.
Нұрсұлтан Тілектес