Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Саяси жүйені либерализациялау, Парламент рөлінің күшеюі және билікті орталықсыздандыру . «Бұл соңғы үш жылда елімізде жүргізілген реформаның жемісі», – дейді сарапшылар.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Алматы өкілдігінде өткен Ұлттық сараптама алаңының кезекті отырысында сарапшылар, саясаттанушылар, ғылыми қауымдастық пен қоғамдық ұйым өкілдері саяси жаңғырудың негізгі жетістіктерін, экономикалық және әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарды талқылады. Қатысушылар, маңызды реформалар талқыланатын алаң Ұлттық құрылтайға ерекше назар аударды. Бурабайда өткен соңғы отырыс осы үдерістің маңызды кезеңі болды. Сонымен қатар сарапшылар шағын және орта бизнесті қолдау, цифрландыру, коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнаманы өзгерту мәселелерін талдады.
Жанар Санхаева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:
- Мысалы, сайлау жүйесінің өзгеруіне тоқталуға болады. Біз еліміздің аралас сайлау жүйесіне көшкенін білеміз. Мәжіліс 70% пропорционалды, 30% мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Мәслихаттарда бұл көрсеткіш 50 де 50. Ең алдымен бұл өзгеріс азаматтардың азаматтық ұстанымын жандандыра түскенін атап өту қажет.
Сұлтанбек Қайым, Narхoz University профессоры:
- Өндірістік саланы өсіру, ол 2028-29 жылға дейін ЖІӨ екі еселету мақсатына жетуге бағытталған шаралардың бірі болып табылады және ол жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Экономиканың басқа секторларының дамуына өз әсерін тигізеді.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...