ШҚО-да қар көшкіні қаупі күшейді
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі күшейді, деп хабарлайды 24kz. Соңғы күндері қар қалың жауып, ақтүтек б ...
Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді.
"Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақүй қарастырылған. Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылады. Жаңа орталық науқастарды емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны — 71,3 млрд теңге. Бүгінде нысанның 78%-ы аяқталған", — деп жазылған хабарламада.
Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, сыртқы инженерлік желілер тартылған, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған.
Бүгінде Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөліп келеді. Олардың қатарында 7 мектеп, соның ішінде бір музыка мектебі, 2 спорт кешені, стадион, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана, 2 балабақша бар.
Бұдан бөлек қаражат Қызылорда облысының Арал ауданындағы сумен жабдықтау жүйелерін салу және жаңғыртуға бағытталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі күшейді, деп хабарлайды 24kz. Соңғы күндері қар қалың жауып, ақтүтек б ...
Осылайша еліміздің мәдени мұрасы бүкіл әлемге қолжетімді бола түседі . Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ба ...
Жыл соңына дейін Креативті салаларды одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленуі тиіс. Бұл туралы Премьер-минист ...