Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді .
Өңірде күннің жылынуына байланысты таулы аймақтарға құтқарушылардың мобильді топтары аттанды. Олар жердің тоң қабатын мұқият зерттеп, судың табиғи ағу жолдарын анықтайды. Сондай-ақ, суды бұрудың тиімді схемалары әзірленуде. Биыл аймақта ауқымды жұмыстар атқарылып, төрт мыңнан астам су өткізу арналары тазартылды.
Алтай тауларын әлі де қар басып жатыр. Соған қарамастан Риддер ауданының құтқарушылары мен коммуналдық қызметтері тасқын қаупінің алдын алу жұмыстарын алдын ала ұйымдастырып қойған. Таулы аймақта қардың қалыңдығы жарты метрге жетеді. Еріген қар суының ағысын реттеу үшін арықтар тазартылған.
Евгений Тарасов, Риддер қаласы ТЖБ бастығы:
- Биыл жыл жұмысты ертерек бастадық. 1 мың 700 арық пен 1 мың 500 айналма канал ашылды. Еріген қар суы тұрғын үйлерді айналып өтеді.
Көктемгі су тасқының алдын алуға Риддер қаласы 30 миллион теңгедан аса қаржы бөлген. Бұл қаражат арнайы техника жалдап, жолдарды қардан тазартуға жұмсалды. Қала аумағынан 80 мың текше метрге жуық қар шығарылыпты. Әйтсе де Риддерге биыл жауын –шашын мөлшері жылдағыдан аз түскен. Бұл тасқын қаупін сейілтеді.
Қаныбек Төлеухан, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:
- Қала бойынша жаңағы су тасқынын болдырмау салдарын алдын алу бойынша 78 мың текше метр қар шығарылды. Біздің өңірде Риддер қаласының аймағында 12 өзен бар. 12 өзеннің 9 көпірі толықтай тазартылды және де 6 арна, 13 арық, 70-тей су өткізу құбырлары бар.
Шығыс Қазақстан облысы еліміздегі өзендерге бай өңірлердің бірі. Мұнда ұзындығы ондаған шақырымға созылатын сегіз жүзге жуық өзен ағады. Су тасқынының алдын алу барысында жергілікті жердің ерекшеліктері ескеріледі. Осы мақсатта жүргізілген жарылыс жұмыстары нәтижесінде 100 мың шаршы метр аумақтағы сегіз мұз кептелісі жойылды.
Қарлығаш Қасиетова, Дмитрий Пыхтин
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Тау-кен металургия саласын мониторинг жасаудың жаңа құралы кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр. Ол бақылау к ...
Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстаннан қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгеруі мүмкін. Air ...