
Облыс орталығында қамшы өруден сайыс өтті. Жасөспірімдер ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнерді қайта жаңғыртып, қайыс таспаларынан түйін түюден шеберлігін көрсетті.
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мектеп оқушыларының қолөнерге деген қызығушылығын арттыруға ден қойып келеді.
«Сайысты Наурыз мейрамына орай ұйымдастырдық. Қамшы өру өнерін насихаттау арқылы ер балаларды ұлттық қолөнерге баулу, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін дамыту көзделді», дейді музей басшысы Ербол Қайыров.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқысында 10 қатысушы қазылар алқасына өріп әкелген қамшыларын таныстырып, жасалу әдістерін баяндады. Ал екінші кезеңге өткен 5 қатысушы қайыс таспаларынан қамшы өру шеберлігін көрсетті.
«Мен жастайымнан жылқы баққан адаммын. Халқымыз ежелден жігіттің бес қаруы бойында болуы керек деп білген. Қамшының қасиетін, қолдану ерекшелігін үлкендерден үйреніп, жадымызға тұтып өстік. Мәселен, жылқышылар қамшының бүлдіргісін сабының ең ұшынан салады. Себебі жылқыға бұғалық салу кезінде қамшыны сол қолымызға ұстауға ыңғайлы», дейді қамшы өрудің шебері, қазылар алқасының мүшесі Жаңбырбай Әубәкіров.
Байқау қорытындысында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Бижан Тасқынұлы жеңімпаз атанды. Павлодар қаласының №29 орта мектебінің оқушысы Самат Нұрсұлтан екінші, Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Қабдолбек Аят үшінші орынға ие болды.
Павлодар облысы
TOP
-
-
Президент Наурыз мерекесіне орай бірқатар елдің басшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады
21.03 -
-
-
-
-
-
-
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
21.03 -
-
-
-
-