• 21-03-2025

Бауырсақ пісіруден рекорд орнатқан

Өткен жылы Қостанай облысы­­­ның Қамысты ауданында бауыр­­­­сақ ­пі­сі­руден әлемдік рекорд орна­тыл­ды.

«Бауырсақ фест» фестивалінде 2 300 килограмға жуық бауырсақ пісірілді. Бұған дейінгі рекорд 2 047 кило еді. Қатысу­шылар 2 100 килоға жетуді мақсат еткен, бірақ олардың ұйымшылдығы мен еңбе­гі­нің нәтижесінде межеден асып түсті. Бұл – жай ғана тағам емес, қазақтың қонақ­жайлы­­­лы­­ғының, еңбексүйгіштігі­нің, ұлттық дәс­түрін дәріптеуге деген құрметінің белгісі.