АҚШ-Украина келіссөздері қайта жалғасты
Эр-Риядта АҚШ-Украина келіссөздері бүгін қайта жалғасты. Бұл туралы «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Ек ...
Орталық Азияның ірі Aport молдары Наурызды кең көлемде тойлап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
Биылғы фестиваль сауда орталығының күрделі жөндеу жұмыстарына тұспа-тұс келгеніне қарамастан ұлттық дәстүрлерге, ойындарға және жанды музыкаға толы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Aport Mall West орталығында ұлттық ойындарға арналған бұрыш ашылды. Қонақтар асық ату, ләңгі тебу және арқан тартыс сияқты ойындарда өзара күш сынады. Ұйымдастырушылар Наурыздың шынайы атмосферасын қалыптастырып, оны ұлттық дәстүр рухымен толықтыруға тырысты. Мереке Бүркіт пен Айшаның концертімен қыза түсті.
Сабыр Жансағымов, Aport молдары басқарушысының орынбасары:
- Апорттарымызда концерттер болады. Ол концертте тек ғана үлкен шаралардың бірі – балалардың концерттері болады. Шеберлік сабақтары болады, көрмелер болады. Әрбір қонақтарымыздың уақытын жақсы өткізуге, жақсы көңіл-күймен жүруге орын табуға болады, деп ойлаймын.
Қазір Aport Mall West ауқымды жаңару кезеңін өткеріп жатыр. Ғимараттың қасбеті өзгеріп, интерьерлер жаңартылып, инфрақұрылым жақсарып келеді. Қайта құру жұмыстарына қарамастан, сауда орталығы келушілерге кедергісіз қызмет көрсетіп жатыр. Жөндеу жұмыстар аяқталғаннан кейін орталық сауда мен демалыс үшін жайлы әрі заманауи бола түседі.
Сабыр Жансағымов, Aport молдары басқарушысының орынбасары:
- Біріншіден, біз сыртқы келбетін өзгерте бастадық. Қазіргі таңда әлі жұмыстар жүріп жатыр. Жақын арада оны көріп, көңіл толтыратын боласыздар. Ал ішкі жағына келетін болсақ ол – біздің орталық адамдар жүретін дәліз кеңейіп, жұмыстар атқарылып жатыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл келушілер саны былтырғыдан артқан. Мысалы ақпан-наурыз айында қонақтар ағыны 15 пайызға ұлғайды. Жыл басынан бері Mall-ға миллион адам келіпті.
Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев
Эр-Риядта АҚШ-Украина келіссөздері бүгін қайта жалғасты. Бұл туралы «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Ек ...
Абай облысының Үржар ауданында ерекше өнер иесі тұрады. 10-сынып оқушысы Қуаныш Амангелді көмейімен ән ай ...
Бүгін футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчтары өтеді. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтен ...