
Түркияның 15 миллионға жуық азаматы қамауға алынған Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлуды ел президенттігіне кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Түркияның оппозициялық Халық-республикалық партиясының төрағасы Өзгүр Өзел Стамбұлда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды NTV.
Сондай-ақ ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдауға және оларға Имамоғлумен сайлауда күресуге шақырды.
"23 наурызда еліміздің болашақ президенті Экрем Имамоғлуға партиямыздың 1,653 млн мүшесі дауыс берді. Бұл — қазіргі төңкеріс әрекетіне ең күшті жауап. Сондай-ақ азаматтарға бізге келіп, дауыс беру үшін ынтымақтастық жәшіктерін ұсындық. Нәтижесінде болашақ президент Экрем үшін 13,21 миллион дауыс алдық. Оған барлығы 14,85 миллионнан астам адам дауыс берді", — деді ХРП басшысы.
Жұма күні кешке Стамбул көшелеріне жүз мыңдаған адам шықты. Бұл — соңғы он жылда Түркияда болған ең ірі наразылық акциясы. Халық Стамбул мэрі Экрем Имамоғлының сыбайлас жемқорлық жасап, лаңкестік топтарға көмектесті деген айыппен қамауға алынуына наразылық білдірген.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Бұл үлкен қасірет»: Шымкент тұрғыны Өзбекәлі Жәнібековтің ескерткіші қойылған орынды сынады (ВИДЕО)
25.03 -
-