ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц Йеменге соққы беру туралы ақпараттың Signal мессенджері арқылы тарап кетуіне жауапкершілікті мойнына алды. Және бұл әрекетті «ұят» деп атады. Fox News телеарнасына берген сұхбатында Уолц аса құпия мәліметтер талқыланатын онлайн чатты құрғанын да растады. Ол жабық чатқа The Atlantic басылымының журналисін байқамай қосып жіберген. Джеффри Голдберг есімді журналист Майк Уолтцтан Signal мессенджеріндегі жабық чатқа шақырту алғанын бірінші болып жазған еді. Дегенмен Трамп әкімшілігі чатта ешқандай құпия ақпарат бөліспегенін мәлімдеді. Ал бұған әскери науқан туралы ақпаратты құпия санайтын демократтар мен бұрынғы шенеуніктер таң қалып отыр.
Арай Төлегенқызы
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатроника жүйелері бойынша инженер болып жұмыс істейді, ...
Қазақ елінің тәуелсіздігіне — 34 жыл. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінен өтіп егемендігін алған мемлекет қазір ...