• 29-03-2025

Алматыда кей автосалондар тұтынушыларға заңсыз қосымша қызмет көрсеткен

Алматыда автосалондар көлік алушыларға заңсыз қосымша қызметтер ұсынып келген. Олардың біріне 88 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қаласының автосалондары тарапынан тұтынушылар құқығы қалай бұзылғанын хабарлады.

Прокуратура мәліметіне сүйенсек, қаладағы бiрқатар автосалон клиенттерге жүйелi түрде қосымша қызметтер (дабыл жүйесі, автоәйнектердi қараңғылау, төсенiштер және т.б. қосымша ақы төлеуге арналған жиынтықтауыштар) жүктеп, сол арқылы олардың құқығы мен қолданыстағы заңды бұзған.

"Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Алматы қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Toyota Tsusho Kazakhstan Auto компаниясына 88 млн теңгеден астам сома айыппұл салып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-1-тармағымен (монополистік қызмет) әкімшілік жауаптылыққа тартып, тергеу жүргізді. Қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде төленді", — делінген хабарламада.

Прокуратура органдары Қазақстан заңнамасында тұтынушыларға қосымша қызмет көрсетуге тыйым салынғанын еске салды.