Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Биыл Қазақстан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады .
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының айтуынша, бұл мақсатқа бюджеттен қосымша 176 млрд теңге бөлініп, 410 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде қалаларда 89 жобаға 71 млрд теңге, ал ауылдарда 321 жобаға 106 млрд теңге қарастырылған.
Бақытжан Жүнісбеков, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:
- Коммуналдық желілерді жаңарту мақсатында былтыр Ұлттық жоба қабылданды. Оның аясында 32 нысанды жаңарту және 13 кәріз-тазарту жүйесін салу жоспарланған. Сегіз құрылысқа халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты жұмсалады. 14 жобаны Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингінің облигациялары арқылы қаржыландыру көзделген. Ал 23 нысан республикалық бюджет есебінен салынады.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...