
Бүгін Мысырдың Хургада қаласында 45 Ресей азаматы мінген батискаф батып кетті. Төрт адам көз жұмған, қалған туристерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Хургададағы Ресей консулдығының Telegram-дағы арнасы хабарлағандай, 27 наурызда шамамен сағат 10:00-де жағалаудан 1 шақырым жерде қонақүйге тиесілі "Синдбад" батискафқа апатқа ұшырады.
"Батискаф маржан рифіне кезекті суасты экскурсиясында болған. Кеме бортында экипаждан басқа 45 турист, оның ішінде кәмелетке толмағандар болған. Олардың барлығы Ресей азаматтары.
Бастапқы ақпарат бойынша борттағылардың көпшілігі құтқарылып, Хургададағы қонақүйлері мен ауруханаларға жеткізілді. Олардың денсаулық жағдайы алаңдаушылық тудырмайды. Төрт адам қайтыс болды. Бірнеше туристің тағдыры анықталып жатыр", — деп хабарлады консулдық.
Ресей бас консулдығының дипломаттары қонақүйге аттанды.
Telegram-дағы SHOT арнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 6-ға жетті. Батискаф бортында 15 бала болған, деп жазады авторлар.
Батып кеткен батискафта болғандар 500 метрлік маржан рифін тамашалау үшін 25 метр тереңдікке түсуі керек еді.
Айта кетейік, Telegram-дағы BAZA арнасы да 6 адам қайтыс болғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, дәл осындай оқиға былтыр күзде Мысырда болған еді. Қызыл теңіздің Марса әл-Алам жағалауында 30-дан астам турист пен 14 экипаж мүшесі бар яхта апатқа ұшыраған болатын.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
Экс-күйеуі әйелін бауыздаған: Жылыой ауруханасының ұжымы Мейрамгүлді ақтық сапарға аттандырды
29.03 -
-
-
-
-
-