ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ыстанбұл қаласында Батыс Қазақстан облыстық филормониясы өнерпаздарының концерті өтті. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы өнер ұжымының Бағжылар ауданында өткен кешіне Түркияда тұратын қазақтармен қатар жергілікті тұрғындар да көптеп жиналды. Қазақ композиторларының әндері мен күйлері орындалған концертте сондай-ақ түрік әндері де шырқалды. «Түрксой» халықаралық ұйымы мұрындық болған өнер кешін көрермендер ыстық ықыласпен қабылдады. Наурыз мерекесіне орай Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өткен мерекелік жиында да өнер көрсеткен қазақстандық ұжым енді Ялова қаласында концерт қоюды жоспарлап отыр.
Бауыржан Халиолла, БҚО филармониясының директоры:
Бүгін Бағжылар ауданында үлкен концерт өткіздік. Халық өте жақсы қабылдады. Ерекше болатын себебі, біз тек қана қазақ өнерін насихаттап қана қоймай, екі-үш түркі халқының әндерін де алып келген болатынбыз. Сол үшін де көрермен ықыласына бөлендік деп ойлаймын.
Рахиде Караигит, Түркия қазағы:
Атамекеннен келген өнерпаздардың әнін тыңдайын деп арнайы келдім. Концерттен өте керемет әсер алып шықтым. Тек ән мен күйлері ғана емес, өнерпаздардың киімдері де керемет жарасып тұр. Қазақ әншілерінің концерттеріне мүмкіндігінше келіп тұруға тырысам.
Айдос Әшімұлы
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатроника жүйелері бойынша инженер болып жұмыс істейді, ...
Қазақ елінің тәуелсіздігіне — 34 жыл. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінен өтіп егемендігін алған мемлекет қазір ...