
Есіл ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының зейнеткер әжелерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамблі «AZERBAIJAN GRAND FESTIVAL» ән байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Байқауда Өзбекстан, Әзербайжан т.б. елдерден келген 400-ден астам үміткерлер түрлі жанрлар бойынша сайысты. Аталған орталықтың өнерпаз зейнеткерлері халық әні «Беу-айдайды» орындауымен әрі көркем киімдерімен көрермендерді тәнті еткен.
Ансамбльге ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жанарбек Искендыров жетекшілік етеді, ал көркемдік жұмысымен және репертуарын қалыптастырумен Шәрбат Құрманова айналысады.
2019 жылы желтоқсанда қалалық ардагерлер ұжымында (Сарыарқа ауданы) жұмысын бастаған аталған ансамбльдің репертуарында осы күні 80-ге жуық ән бар.
Өнер ұжымының негізін қалауға термеші, сазгер, күйші, әнші Күлзағила Барлыкова мұрындық болған, ал, алғашқы концертін 2019 жылы «Шарапат» қарттар үйінде өткізген екен.
«Ансамбль жуырда өзінің 5 жылдық есептік концертін өткізген. Мұнда 62-72 жас аралығында ән айтумен әуестенетін әжелер жиналған, осы кейуаналарымыздың халықаралық байқаудан жүлдемен оралуы біз үшін үлкен жетістік», деді Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жанар Есенаманова.
Осы байқауда бірінші орынды жеңіп алған «Сағыныш сазы» ардагерлер ансамблі Грецияның Салоники қаласында өтетін GREECE GRAND FESTIVAL-ге жолдама алды.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -