ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ресейде белгісіз вирус өршіді. Қазірдің өзінде 20-ға жуық өңірде індет тіркелген. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар қосылуға дайын. Индира, дәрігерлер вирусқа қатысты уәждер айтуда?
Индира Бегайдар, тілші:
Иә, Шерхан, бұл вирус желтоқсанда таралған микоплазмалық пневмонияға ұқсас, дейді дәрігерлер. Қазір Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында ауруханалар 80 пайызға толған. Мамандардың айтуынша, тағы екі аптада науқастарға орын болмауы мүмкін.
Александр Артюнов, дәрігер:
2008 жылдан бастап вирустар көз ілпеспес жылдамдықпен мутацияға ұшырауда. Әрине бұл вирустарға қарсы адам ағзасында иммунитет қалыптаспаған, сондықтан оны зерттеуге, емдеуге біршама уақыт кетеді. Бұл індет те сол вирустардың өзгеріске ұшыраған түрі болуы ықтимал. Тіпті кейде бір айда екі рет өзгереді. Жаңа штамдардың саны әлі де артады.
Ауру белгілері барлық адамда бірдей: бастапқыда әлсіздік пайда болып, дене сырқырайды. Бірнеше күннен кейін вирус күшейіп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріледі. Өкінішке орай, науқастар қандай дәрі, антибиотик қабылдаса да, әсер етпейді. Сондықтан мамандар қоғамдық орындарда қайтадан маска тағуды міндеттеуді ұсынып отыр. Эпидаухал өрши түссе, вакцина егуді бастамақ. Бүгінгі күні Ресейде коронавирус және түрлі мутацияға ұшыраған вирустарға қарсы иммунитет қалыптастыратын 10-нан аса вакцина шығарылған.
Индира Бегайдар
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатроника жүйелері бойынша инженер болып жұмыс істейді, ...
Қазақ елінің тәуелсіздігіне — 34 жыл. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінен өтіп егемендігін алған мемлекет қазір ...