• 02-04-2025

Биыл жаңа eGov 3.0 жүйесі іске қосылады

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бүгін eGov порталында бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Алайда азаматтар техникалық ақау болды деп наразылық білдіріп жатыр. Бұл мәселеге қатысты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин жауап берді. Оның айтуынша, электрондық үкімет платформасында қысқамерзімді ақаулар анықталған, бұл мектепке қабылдау қызметін пайдаланушылардың тым көп болуымен байланысты екенін және аз уақытта платформа қалпына келтірілгенін айтты.

Ростислав Коняшкин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

Қызметті іске қосу сағат 15:00-ге жоспарланған болатын, енді сол уақытта портал қалыпты жұмысына кіріседі. eGov – азаматтардың электрондық үкіметпен байланысуына арналған терезе іспетті ғана жүйе. Оның артында барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілген 2000-нан астам интеграциялық сервис бар. Осы сервистердің біреуі істемей қалса, онымен байланысты барлық қызметтер де уақытша қолжетімсіз болады.

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкіметте баяндама жасап, жаңа eGov 3.0 жүйесін іске қосылатынан айтты. Бұл – толық жаңартылған, қайта жасалған портал. Екі жылда барлық сервистер мен компоненттер жаңартылады. Ал биыл жаңартылған, ыңғайлы әрі тұрақты жұмыс істейтін порталдың жаңа нұсқасы іске қосылмақ.

Азамат Бейбітұлы