2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
"Ұлттық қор балаларға" бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Бағдарлама ресми түрде 2024 жылы 1 қаңтарда басталды. Осы арқылы 2006 жылдан бастап туған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.
Қаржы министрлігі мәліметінше, былтыр бағдарламаға 6 919 131 адам, яғни 2006 жылдан 2023 жылға дейін дүниеге келген балалар қатысқан. Олардың әрқайсына $100,52 есептелген.
"Оның жалпы сомасы $695,5 млн болды. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа толды, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды. 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал қаржы көлемі $129,38 болды", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жиналады, содан кейін оларды тұрғын үйге немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
АҚШ-тағы жаңа жылдық мерекелік бөлшек сауда көлемі биыл алғаш рет 1 трлн долларға жеткелі тұр. Аталған сала ...
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді ...