Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Мемлекеттік рәміздер күні Орал қаласында да мазмұнды шаралармен айшықталды. Тұңғыш Президент атындағы алаңда әнұран шырқалып, көк туымыз көкке көтерілді. Шаһар жұртшылығын құттықтаған өңір басшысы Нариман Төреғалиев мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызына тоқталды.
Әлемде мыңға тарта ұлт болса, соның тек 200-інің ғана мемлекеті, яғни Туы мен Гимні, Елтаңбасы бар. Демек мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символы, азаттықтың көрінісі. Бүгінгі салтанатты шараға шақырылғандар – өз саласында ерен ерлігімен, еселі еңбегімен көзге түскендер. Мәселен, Парасат Жолбаев «Ерлігі үшін» медалінің иегері.
Парасат Жолбаев, тәртіп сақшысы:
- Әйел адамды көпірден секіріп кеткен кезде құтқарып қалғанбыз. Ол әрбір азаматтың мойнындағы борышы деп ойлаймын. Ерлік емес, жай ғана жұмысым деп санаймын. Жұмыс барысында әрбір азамат, ҚР азаматы елінің патриоты болуы керек деп есептеймін.
Дулат Жүсіпқалиев, «Дарын» жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
- Бұл күн жалпы қазақстандықтар үшін Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын күн деп білемін. Қазіргі таңда біздің рәміздеріміз, соның ішінде жас спортшыларымыз қазақтың атын, Мемлекеттік туымызды әлемдік ареналарда шығарып жатқаны – үлкен мақтаныш.
Жиналғандарды мерекемен құттықтаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев рәміздердің мәні мен маңызына, пайдалану тәртібіне тоқталды.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей: «Көк байрағымыз – мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшығы. Гимн – еркіндік пен елдіктің үні. Бұл рәміздер – халқымыздың мақтанышы және ұрпақтар арманының орындалған символы». Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Гимніміз айбынды болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Көк байрақ, Елтаңба және әнұран – егемендік пен елдіктің ең басты белгілері», – дейді елдің естілері. Рәміздер күніне арналған салтанатты шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көк туымыз көкке көтерілді.
Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Қ. Ақрап, Э. Аюпов