Атырау облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» идеялогиясын кеңінен насихаттау мақсатында Атырау облыстық про ...
Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын (СМГ) алу, тасымалдау және фракциялау зауыты жобасының құрылыс жұмыстары басталды . Жобаны іске асыру ішкі нарықты СМГ-мен тұрақты қамтамасыз етуге және газ мотор отыны тапшылығын азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Жоба Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісім аясында мердігер компаниялар арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асырылуда. 2024 жылы «QazaqGaz» АҚ мен «НортКаспиан Оперейтинг Компани» ЖШС арасында СМГ сату-сатып алу шартына қол қойылып, жобаның Жол картасы бекітілді.
Қазіргі таңда нөлдік цикл жұмыстары жүргізілуде: жабдыққа іргетас қалау, ғимараттар мен инфрақұрылым салу жұмыстары атқарылуда. Ішкі нарыққа одан әрі өткізу үшін газдың алғашқы легін қабылдау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.
Жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие және газ өңдеу саласының дамуына елеулі үлес қосады.
Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» идеялогиясын кеңінен насихаттау мақсатында Атырау облыстық про ...
Жетісу мен Жамбыл облыстарындағы қант зауыттары 225 мың тонна қызылша қабылдады. Атап айтқанда, Көксу қант ...
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарл ...