Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына қосылуы мүмкін
Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына енуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары ...
Түркістан облыстық полиция департаментінде қызмет ететін нәзік жандылардың арасында криминалист, тергеуші , арнайы жасақ қызметкерлері бар.
Олар ерлермен иық тірестіріп, елдің тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті күзетіп жүр. Мереке қарсаңында біздің тілшілеріміз шенді арулардың жұмысымен танысып қайтты.
-Яссы, 10 жаңа қала, 11 көше, 31\1 үйдің астында орналасқан мектепке өтіңіздерші.
Әсия Жетібаева 3 жылдан бері қаладағы жедел басқару орталығында қызмет етеді. Оның міндеті — 102-ге келіп түскен хабарламаларды қабылдап, камера арқылы қоғамды тәртіпті бақылау. Анықталған заңбұзушылықтарды күштік құрылымдарға жеткізіп, оқиға орнына бағыттайды.
Әсия Жетібаева, жедел басқару орталығының инспекторы:
- Жедел басқару орталығына Түркістан қаласы бойынша мыңнан астам камера қосылған. Біз күнделікті камера арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, сол маңда жүрген күш құралдарын, экипаждарды, учаскелік полиция қызметкерлеріне жібере отырып, түрлі қылмыстар мен заңбұзушылықтардың алдын аламыз.
Ал Отырар ауданының тумасы Перизат Жақыпбекова 2020 жылдан бері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сапында қызмет етеді. Ол тек полиция қызметкері ғана емес, дзюдо, самбо, қазақ және белбеу күресінен Азия және Әлем чемпионы. Қазақстанның он дүркін жеңімпазы.
Перизат Жақыпбекова, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері:
- Біздің жұмыс өте ауыр. Біз ерлермен бірдей пункциональдық міндет, спорттық шаралар бірдей деңгейде өткізіледі. Күнделікті сабақ кестесі болады, оның ішінде тек спортппен айналыспаймыз, өзіміздің пункционалдық міндетке жататын сабақтар өткізіледі. Теориялық сабақтар болады. Полигондарда атып жаттығамыз.
Кішкентайынан полицей болуды армандағандардың бірі Сұлушаш Шәкірханқызы. Ол ішкі істер саласында қызмет еткісі келетін жастардың эмоционалдық реакциясына физиологиялық зерттеулер жүргізеді.
Сұлушаш Көшімбетова, кадр саясаты басқармасының психолог полиграфологы:
- Кандидатқа алкогольді ішімдіктерге, есірткіге әуестігі бойынша, түрлі діни ағымдар бойынша сұрақтар қойылады. Сыбайлас жемқорлық бойынша сұралады. Сол сұрақтарды талқылап, түсіндіріп болғанан кейін барып тест өткіземіз. Барлық қыз-келіншектерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әрдайым жайнап, жүздеріңіз жарқырап жүре беріңіздер.
Облыстық Полиция депатаментінде 300-ге жуық қыз-келіншек жұмыс істейді. Олар темірдей тәртіпке бағынып, ерлермен бірге иық тіресе еңбек етіп жүр. Ал отбасында ибалы келін, асыл жар, аяулы ана.
Меруерт Әбдіқадырқызы, облыстық ПД бастығының орынбасары:
-Екі жақты бірдей ұстау ол оңай емес. Үйде отбасының ұйытқысы, ана, келіншек, әйел, жар дейміз. Ал қызметте олар таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Тәртіпке бағынамыз. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін кезде күн-түн демей қыз-келіншектер ер азаматтармен бірдей жұмыс атқарады.
Қазақ қыздары қайсар һәм қайратты. Өжеттігі мен табандылығының арқысында оттан да, судан да тайсалмайды. Себебі оларды қызметтің қауіптілігіне қарамастан бір мақсат біріктіреді, ол – Отанға адалдық, елдің тыныштығын күзету. Сондықтан антына адал арулардың қоғам алдындағы орны қашан да биік.
Жандос Жұмабек, Қуаныш Әбуов