Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Жуырда петропавлдың жол сақшылары көлік жүргізуге құқығы жоқ 17 жасар жасөспірімді қаланың орталық көшелерінің бірінде «Audi» көлігін жүргізіп бара жатқан жерінен ұстады. Бұл баланың бірінші рет ұсталуы емес, бұған дейін де ол ұсталып, ата-анасы айыппұл төлеген, деп жазады Egemen .kz.
Бірақ жасөпірімнің өзі де, ата-анасы да тиісті қорытынды шығармай отыр. Осындайлардың кесірінен облыстың жолдарында жыл басынан бері 184 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам мерт болып, 256 адам түрлі жарақаттар алды.
Қазір облыс бойынша «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық шаралар өткізілуде. Оған 350 полиция қызметкерлері тартылып, жол қауіпсіздігін бақылауда. 19 сәуірден бері жүргізіліп келе жатқан осы шаралар барысында жол жүруге құқық беретін куәлігі жоқ 135 жасөспірім ұсталған.
Осының өзі құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың ықпалының аздығын көрсетеді. Егер бір машинаны куәліксіз жүргізгені үшін екінші рет ұсталған баланың көлігі жасы 18-ге толып, куәлік алғанша тәркіленетін болса – құқық бұзушылық азаяр еді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жарияла ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...