Қазақстан ТҮРКПА-ға төрағалық етеді
Қазақстан Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының төрағалығын қабылдады. Бұған дейін ұйымға Әзербайжан жетекшілік ...
Бельгиялық компаниялар Қазақстанмен логистика, көлік, қатынасын нығайтып, «Транкаспий» халықаралық бағыты арқылы алыс-берісті арттыруға ниетті. Бұл туралы тараптар елдің Антверпен қаласында өткен басқосуда мәлімдеді. Еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған шарада қазақстандық делегация өкілдері отандық көлік саласының әлеуетін таныстырды . Антверпен-Брюгге портының жұмысымен танысты.
Антверпен-Брюгге Еуропадағы екінші ірі порт әрі Бельгия экономикасының қозғаушы күші. Қазақстандық зығыр, титан, өзге де тауарлар осы порт арқылы Бельгияға жетіп, жаһан елдеріне тасымалданып отыр. Басқосуда тараптар өз порттарының әлеуетімен таныстырып, ынтымақты арттыру жайын талқылады.
Жасұлан Керімбаев, ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің басқарма басшысы:
Антверпен порты Еуропаның екінші порты саналғандықтан бізге олардың порт басқару саласында Ақтау, Құрық порттарында біліктілігін өзімізге алып, біздің порттарда да қолдануға ниеттіміз.
Филипп Божан, Антверпен-Брюгге портының халықаралық бизнесті дамыту бөлімінің жетекшісі:
Қазақстандық зығыр дәні, өзге де жүк біздің порт арқылы Норвегияға, Солтүстік Еуропа елдеріне жеткізіледі. Сіздерден тағы қандай тауар алуға болатынын қазақстандық әріптестерімізбен талқылаудамыз. Осы ретте Орталық дәліз тауар ағынын жеткізу тізбегіне өте қажет.
Орталық дәліз-Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға тауар тасымалдаудың таптырмас алаңы. Дәл осы бағытпен еуропалықтар да өзінде барды Азия нарығына шығарады. Қазір Транскаспий көлік бағытымен жылына 6 млн тонна жүк тасымалданып отыр. Қазақ үкіметі алдағы екі жылда оны 10 млн тоннаға жеткізбек. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бельгиялық компаниялар да үлес қосуда.
Дидье Дюпонсель, «Ahlers Logistics» компаниясының бизнес бөлімшесінің директоры:
Біз Алматыда қойма салуға инвестиция құйдық. Онан бөлек құнды жүктерді қауіпсіз тасымалдауға бағытталған жобамыз алдағы айда іске қосылады. Бұл жоба Еуропа мен Азия, Орталық Азия арасындағы сауданы едәуір жеңілдетеді.
Шетелдік инвестор қойманы тұрғызу арқылы 500 қазақстандықты жұмыспен қамтымақ. Сондай-ақ Ақтау портының қызметкерлері Антверпен портында тегін біліктілігін арттырады. Бельгиялық кәсіпкерлер қазанда Алматыда өтетін «Жаңа Жібек жолы» көлік форумына қатысып, сенімді серіктес табудан үмітті.
Нұрсұлу Қасым