Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Батыс Қазақстан облысында биыл 5 емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтеді.
Қаратөбе ауданы, Қоскөл және Сәуле ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал облыстық онкологиялық диспансердің радиология бөлімшесінде, көп бейінді балалар ауруханасында және Шыңғырлау аудандық ауруханасында құрылыс жұмыстарын қыркүйекке дейін тәмамдау көзделген.
Облыстық көп бейінді балалар ауруханасының салынғанына көп бола қойған жоқ. Жалпы ауданы 24 мың шаршы метр болатын ғимарат 2011 жылы тапсырылыпты. Алайда кезінде сапасыз терезелер қойылғандықтан, аурухана іші қыста қақап кететін еді, дейді мекеме басшылығы.
Сержан Есенгубеков, облыстық балалар ауруханасының директоры:
- Жыл сайын бізде деген көптеген шағымдар түседі және өзіміз білеміз терезеден салқын ұрып тұрды және мына жылу деген, батереялар керекті жылуын бермеді. Салқын болды. Қазір күрделі жөндеу жүріп жатыр. Яғни мына ішінде 710 терезе ауыстырылып жатыр. Құбырлары жылы су, ыссы су және өрт қауіпсзідігіне жаңа айтқандай дабылдары ауыстырылады және кафельдер 15 мың шаршы метр.
Облыстық балалар ауруханасын күрделі жөндеуге 980 млн теңге қарастырылса, облыстық онкодиспансердің радиология бөлімшесіне жергілікті бюджеттен 602 млн теңге бөлініпті. 1945 жылғы ғимарат салынғаннан бері жөндеу көрмеген екен.
Зейіл Мағзомов, облыстық онкологиялық диспансердің директоры:
- Қазір науқастар жататын бөлімшенің ремонты жүріп жатыр. Сол біткесін науқастарды сол бөлімшеге қайта көшіреміз. Екінші этаппен жабдықтар тұр, сол бөлмелерде басталады. Алты ай мерзімде бітуі керек шарт бойынша. Қазір түгел канализация жүйелері, жылу жүйелері толықтай ауыстырылды, терезелері ауыстырылып жатыр. Сонымен бірге жылу жағынан бөлімше жылы болуы үшін қапталып жатыр қосымша.
Сондай-ақ қазір Шыңғырлау аудандық ауруханасы мен Қаратөбе ауданындағы Қоскөл және Сәуле ауылдық амбулаториялары жөнделуде. Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өңірде жүздеген нысан жөндеуді қажет ететінін айтады.
Асылбек Қаналиев, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Облыс бойынша тағы 120 шақты медициналық нысандар күрделі жөндеуді талап етуде. Оларға бюджеттік өтінім тапсырылды. Келер жылға, келер үш жылдық бюджетке тапсырылды. Бюджет қолдау білдірсе, біртіндеп-біртіндеп бұл меднысандарды күрделі жөндеуден өткізетін боламыз. Бұдан басқа бізге 49 меднысан құрылысы қажет етуде. Ол да қаржыландыруға байланысты алдағы уақытта шешілетін болады деп есептейміз.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясында 2023 жылдан бері өңірде 37 нысан бой көтерсе, биыл жыл соңына дейін тағы 13 емдеу мекемесін пайдалануға беру жоспарланған.
Е. Жылқайдарұлы, Қ. Ақрап, Э. Аюпов