Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызметтік міндеттерді орындау барысында кәмелет жасқа толмаған адамды зорлау қылмысы бойынша екі азаматқа үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олар Түркістан облыстық «Психикалық денсаулық орталығының» №3 әйелдер бөлімшесінде санитар-бақылаушы болып қызмет атқарған. Тергеу барысында анықталғандай өткен жылы шілде айында екеуі жұмыс кезінде орталықта емделіп жатқан Б. мен кәмелет жасқа толмаған К.-ны теледидар көретін бөлмеде, сосын аулаға шығатын баспалдақ алаңшасында дәрменсіз күйлерін пайдаланып түн жарымында зорлаған.
Прокурор сотта қылмыскерлерге 15 жыл мерзім жаза беруді ал, жәбірленушілер мен олардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Үкім шығару барысында сотталушылардың асырауында жасөспірім балаларының болуы ескерілді. Сотталушының бірінде 2, екіншісінде 6 жас баласы бар.
Сонымен сот сотталушыларды Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігінің бірінші тармағымен кінәлі деп тапты. Сондай-ақ оларды осы баппен педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен бірге жәбірленуші Б. мен К.-ның әрқайсысының пайдасына моральдық шығын ретінде 10 млн теңгеден өтемақы өндірілді. Адвокаттық қызмет үшін жұмсалған 600 мың теңге де жәбірленуші Б.-ның пайдасына шешілді.
Сот отырысындағы қылмыстық іс жабық күйінде қаралды.
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қала құр ...