• 13-06-2025

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Бұл туралы Корея мәдениет орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды, El.kz интернет порталы.

Алдағы 26-28 маусым аралығында Алматы қаласында Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға арналған «Korea-Kazakhstan Culture and Trade Week» апталығы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба екі ел арасындағы өзара байланыстардың жаңа белесіне жол ашады.

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Корея мәдениет орталығының директоры Ку Бон Чхольдің айтуынша, бұл апталық — мәдениет пен сауданы ұштастыратын маңызды алаң болмақ.

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың негізі 1992 жылы қаланды. Содан бері екі ел түрлі салаларда өзара ынтымақтастық орнатып келеді. Бүгін біз бұл байланысты мәдениет пен экономика арқылы одан әрі нығайтуды көздеп отырмыз. Алматыда өтетін апталық аясында екі елдің оннан астам мемлекеттік және коммерциялық ұйымдары қатысады. Бұл – бизнес өкілдері мен өнер қайраткерлері үшін өзара тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігі, – деді ол.

Шараны Қазақстандағы Корея республикасының елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығы мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік, қоғамдық және жеке секторының 10-нан астам ұйымы қатысады.

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Апталық аясында түрлі концерттер, тұтынушылық тауарлар көрмесі, экспорт жөніндегі кеңестер, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өтеді.

Ку Бон Чхоль биылғы жылдың маңыздылығына да тоқталып өтті.

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

2025 жылы қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Қазақстан корейлері қауымдастығының 35 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының да 30 жылдығы қатар келіп отыр. Бұл маңызды оқиғалар бізді бірлікке, өзара түсіністік пен достықты одан әрі арттыруға жетелейді, – деді ол.

Іс-шараның басты сахнасы — республика сарайында үш күн бойы дәстүрлі, классикалық және заманауи музыка концерттері өтеді. 26 маусым күні Central Asia K-Pop Cover Dance би байқауы өтеді, оған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген топтар қатысады.

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

27 маусымда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Кореяның азат етілгеніне 80 жыл толуына арналған арнайы концерт өтеді. Онда әлемдегі ең көне корей театры — республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры мен «Алматы әуендері» ансамблі өнер көрсетеді.

Корей мәдени орталығының директоры Ку Бон Чхоль өз сөзінде:

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Қазақстан — Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі. Екі ел де алтай халықтарының ортақ мәдени ареалына жатады, бұл тіл мен дәстүрдегі ұқсастықтардан анық байқалады. Бұл шара мәдениет пен экономиканы біріктіре отырып, екі ел арасындағы серіктестікті әрі мәдени жақындықты одан әрі нығайта түседі, — деді ол.

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Апталық 28 маусым күні қос елдің танымал әншілері қатысатын гала-концертпен аяқталады.

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ

Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ